Футбол
4 қаңтар 2022 17:56

"Ақтөбе" қазақстандық жартылай қорғаушыны керек қылмады

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқан командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

25 жастағы Ақтөбе футболының түлегі Дидар Жалмұқан 2014 жылы клуб сапындағы алғашқы ойынын өткізген болатын. Өткен маусымда ол 22 матчқа қатысып, 2 гол соқты. Сондай-ақ Дидар мансабында "Астана", "Тобыл" және "Атырау" командаларында өнер көрсетті.

Жалмұқан Қазақстан Премьер-лигасында 142 матч өткізіп, 19 гол соққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport