Футбол
7 желтоқсан 2021 14:54

"Ақтөбе" Қазақстан құрамасының ойыншысына қатысты бір шешімге келді

©"Ротор" ФК

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко карьерасын "Ақтөбеде" жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz

Футболшы мен ақтөбелік клуб келісімшартын келесі маусым аяқталғанша созды. 

"Ақтөбе" негізгі құрамды сақтай отырып, өзге футболшыларды да сапына қосуға неитті. Клуб Рамазан Оразов, Арман Кеңесов және Алексей Щеткинмен келіссөз жүргізген. 

Шомко "Ақтөбе" үшін биыл сегіз матчке қатысып, маусымның жартысын жарақатына байланысты өткізіп алды. Оған дейін футболшы ресейлік "Роторда" ойнады. Сонымен бірге, ол "Ертіс" пен "Астана" сапында өнер көрсетіп, астаналық командамен алты рет ел чемпионы болған.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport