Футбол
26 желтоқсан 09:10

"Ақтөбе" Қазақстан құрамасының ойыншысымен қош айтысты

©

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев келісімшартының аяқталуына байланысты "Ақтөбе" клубынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Форвард "қызыл-ақтардың" құрамына жыл басында қосылған болатын. Маусым барысында ол барлық турнирде 23 матч өткізіп, 4 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.

Өміртаевтың кәсіби мансабында Беларусьтің БАТЭ, "Слуцк" клубтарында ойнады, сондай-ақ, Қазақстанда "Атырау", "Ақжайық", Қарағандының "Шахтер" және "Тобыл" командаларында өнер көрсеткен.

2018 жылдан бері шабуылшы Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақырылып келеді.

Айта кетейік, "Ақтөбе" командасы ҚПЛ-2025 маусымын турнирлік кестеде бесінші орында аяқтады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport