"Ақтөбе" Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысын сапына қосқанын ресми хабарлады

©ҚФФ

Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Стас Покатилов "Ақтөбе" ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

29 жастағы голкипер 2015 жылы ақтөбеліктер сапында ойнаған. Ол кезде Покатилов ҚПЛ аясында 32 матчта 25 доп қана өткізіп алған. Сол маусымдағы жақсы көрсеткіші - 14 кездесуде қақпасына бірде-бір гол кіргізбеді.

Осыдан кейін ол ресейлік "Ростов" сапына қосылған, ал 2016 мен 2021 жылдар аралығы "Қайратта" ойнады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport