"Ақтөбе" Қазақстан жастар құрамасының футболшысымен келісімшарт жасайтын болды

©"Қайсар" ФК

Қызылордалық "Қайсар" мен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов алдағы уақытта "Ақтөбе" сапына ауысады. бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

Клуб футболшымен келісімшарт жасау үшін бітімге келген. Кеңесов "Ақтөбе" сапына жалға ауысатын шығар. Себебі, оның дәл қазір ресейлік "СКА-Хабаровск" командасымен әлі бір жылдық келісімшарты бар. 

Еске салайық, Кеңесов "Қайсар" намысын ақпан айынан бері қорғап келеді. Қызылордалық ұжым сапында ол 25 кездесуге қатысып, үш гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: