Қызылордалық "Қайсар" мен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов алдағы уақытта "Ақтөбе" сапына ауысады. бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.
Клуб футболшымен келісімшарт жасау үшін бітімге келген. Кеңесов "Ақтөбе" сапына жалға ауысатын шығар. Себебі, оның дәл қазір ресейлік "СКА-Хабаровск" командасымен әлі бір жылдық келісімшарты бар.
Еске салайық, Кеңесов "Қайсар" намысын ақпан айынан бері қорғап келеді. Қызылордалық ұжым сапында ол 25 кездесуге қатысып, үш гол соқты.