"Ақтөбе" қайта көш бастай ма? ҚПЛ ойындарына тікелей трансляция

©Ақтөбе ФК

Бүгін, 24 қазан күні футболдан Қазақстан чемпионатының 24-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

15:00 "Тараз" өз алаңында "Каспийді" қабылдайды. 17:00 Павлодарда "Ақсу" мен "Ордабасы" ойыны басталады. Ал Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де "Ақтөбе" мен "Тұран" клубтары кездеседі. Андрей Карпович командасы жеңіске жеткен жағдайда турнир кестесінде бірінші орынға қайта көтерілуі мүмкін.

Барлық матчті ПФЛК-ТВ арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport