Футбол
5 маусым 09:41
 

"Ақтөбе" - "Қайрат" матчындағы жанжал 9 ойынға шеттеумен бітті. Алаңда не болды?

  Пікірлер

blog.share

"Ақтөбе" - "Қайрат" матчындағы жанжал 9 ойынға шеттеумен бітті. Алаңда не болды? ©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы "Ақтөбеге" қарсы өткен матч қорытындысы бойынша төрт ойынға шеттелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы "Ақтөбеге" қарсы өткен матч қорытындысы бойынша төрт ойынға шеттелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Арандату мен жанжал үшін айыппұлдар салынды

Сондай-ақ, 46 жастағы маманға 150 АЕК (553 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Мұндай шешімді Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіп және әдеп комитеті қабылдады.

Бұдан бөлек, "Ақтөбе" клубының ойыншысы Идрис Умаев бес ойынға шеттетілді.

"Алайда, әрі ойыншы, әрі бапкер көпшілік алдында кешірім сұрады. Сондықтан екі турдан кейін жазаны азайтуы мүмкін. Бірақ бұл үшін олардың клубтары арнайы апелляция беруі керек.

Сондай-ақ Тәртіптік комитеттің шешімімен "Ақтөбе" клубы қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін 200 АЕК, ал көрермендердің мінез-құлқы үшін 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал Громыкоға келсек, бұл беларусьтік легионер алаңнан қуылғаннан кейін жасаған арандатушылық қимылы үшін 75 АЕК айыппұл төлейді", – деп жазады "Серый Кардинал" Telegram-арнасы.

Еске салайық, "Ақтөбе" – "Қайрат" матчы жанжалмен аяқталған еді. Уразбахтин қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Алаңды тастап бара жатып, алматылық команданың бапкері ақтөбелік жанкүйерлерімен жанжалдасты. Осы оқиғадан кейін "Қайрат" клубы ресми мәлімдеме жасады.

Ойынның өзі 2:1 есебімен "Қайрат" командасының жеңісімен аяқталды. Екі голды да алматылықтар сан жағынан аз бола тұра салды. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!