"Ақтөбе" қатарынан сегіз ойында жеңіске жетті

©Ақтөбе ФК

"Ақтөбе" өз алаңында "Қызыл-Жарды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан чемпионатының 18 турында батыс қазақстандықтар "Қобыланды батыр" атындағы орталық стадионда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды Жерар Гоу 89 минутта соқты.

Осылайша Андрей Карпович шәкірттері қатарынан сегіз рет жеңіске жетіп, ішкі чемпионатта 38 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр.

Ал "Қызыл-Жар" болса 18 ұпаймен 13 орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport