"Ақтөбе" ФК Конференция лигасы іріктеуінің үшінші раундына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық клуб кутаисилік "Торпедомен" қарымта матчте 1:2 есебімен ұтылып қалды, алайда екі матч қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтіп отыр.
Қарымта ойынның 31-минутында Максим Самородов есеп ашты.
Ал екінші таймда алаң қонақтары 78-минуттан бастап азшылықта ойнады, екінші сары қағаздан кейін Ника Сандохадзе алаңнан қуылды. Бірақ осы оқиғаға дейін грузиялықтар екі гол салып үлкегрді: 58-минутта Георгий Арабидзе және 66-минутта Иракли Бугридзе.
Еске салайық, Грузияда өткен бірінші матчте "Ақтөбе" 4:1 есебімен жеңіске жеткен. Осылайша, қазақстандық клуб жалпы 5:3 есебімен келесі іріктеу раундына өтті. "Ақтөбенің" ендігі қарсыласы ЦСКА София (Болгария) - "Сепси" (Румыния) жұбының жеңімпазы болады.