Қысқы трансферлік кезең барысында қазақстандық клубтардан "Ақтөбе" командасы белсенді жұмыс істеуде. Осы аптада команда Йоахим Адукормен келісімшартын ұзартты. Алдағы уақытта ұжым Қазақстан құрамасының ойыншысы Темірлан Ерлановпен де келісімшарт мерзімін ұзартуға ниетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Адукор "Ақтөбе" сапына өткен маусымның ортасында қосылып, бапкерлердің көңілінен шыға білді. ганалық жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатында алты кездлесу өткізді. Оның осы алты ойындағы өнерінен кейін команда келісімшартты ұзарту туралы шешімге келген.
Сонымен қатар, "Ақтөбе" сапында литвалық футболшы Артурас Жулпа да қалуы мүмкін. Қазір келіссөз жүруде.
Сондай-ақ, команда құрамында орталық қорғаушы Темірлан Ерлановты да қалдыруға ниетті. Өткен маусымда ол алты ойын өткізіп, бір гол соққан.
Еске салайық, осыған дейін "Ақтөбе" Рамазан Оразов және Дмитрий Шомкомен келісімін ұзартса, Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Арман Кеңесовты сатып алды. Енді ұжым Еркін Тапалов, Оралхан Өміртаев және Алексей Щеткин секілді футболшыларды қатарына қосу үшін жұмыс істеуде.