"Ақтөбе" футбол клубы басқарма төрағасы қызметіне Бақытбек Дүзелбаевтың тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клуб хабарламасында бұл шешім команданың даму бағытын қайта жүйелеп, нәтижесін жақсарту мақсатында қабылданғаны атап өтілген.
– Бұл шешім клубтың әрі қарайғы дамуы мен команданың спорттық нәтижелерін арттыру бойынша мақсат-міндеттерді ескере отырып қабылданды, деп жазылған хабарламада.
Осылайша, бұған дейін басқарма төрағасы болған Арман Оспановтың өкілеттігі тоқтатылды. Клуб бұл өзгерісті соңғы матчтардағы нәтижелерге жасалған талдаумен байланыстырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салсақ, жаңа маусым басталар алдында "Ақтөбе" қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Артықбаев меншігіне өткен еді. Ал басқарма төрағасы болып Арман Оспанов тағайындалған. Бұған дейін ол алматылық "Қайрат" командасының жанкүйерлер клубында болған және әлеуметтік желілерде "Ақтөбе" туралы сын пікірлер айтқан маман болатын.
Жарнама