Футбол
3 қазан 2019 18:43

"Ақтөбе" футбол клубы ойыншылар мен бапкерлер қарызынан толық құтылды

© "Ақтөбе" ФК
"Ақтөбе" футбол клубы бұрынғы ойыншылар мен бапкерлердің қарызын толықтай өтеп берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.


Командадағы экс-футболшылардың төленбей қалған жалақы мәселесіне байланысты бірқатар қиындықтар орнаған болатын. Кестеден он екі ұпай алынып, жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды. Бұның барлығы ақ-қызылдар үшін үлкен соққы болған. Дегенмен, команда үшін үлкен қуаныш бұл сол қарыздардың барлығының өтелгені болды.

"Былтырдың өзінде билеттен түскен пайдадан бірнеше ойыншыларымызға ақшаларын төлей алдық. Бірақ негізгі қарыздар әлі мойынға жүк болып тұрған. Демеушілердің көмегі қажет болды. Өңір башсысы алғашқы сұхбатында жергілікті команданың құрдымға кетуіне жол бермейтіндігі туралы айтқан еді. Демеушілер тауып қарыздар бойынша барлық мәселелерді шешіп беретіндігіне уәде берді. Әр ай сайын бұл сұрақтар оң шешіміні тауып жатты. Дәл бүгінгі күні мен сенімді түрде айта аламын: "Ақтөбе" футбол клубы бұрынғы ойыншылар мен бапкерлерінің алдындағы барлық қарыздарын өтеп болды. Енді клубқа қарыздарға байланысты ешқандай тыйымдар мен санкциялардың қаупі жоқ. Бізге көмектескен, қолдау білдірген барша жандарға рахметімді айтамын. Ең әуелі облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин мырзаға бізге жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз", - дейді "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Самат Смақов.