Футбол
18 ақпан 2019 16:20
 
"Ақтөбе" ФИФА санкциясына қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Ақтөбе" ФИФА санкциясына қатысты мәлімдеме жасады © vk.com/ofc_aktobe

Бүгін, 18 ақпан ФИФА "Ақтөбе" футбол клубынан алты ұпай шегергенін және 2019 жылғы ҚПЛ-ді команда минустан бастайтыны белгілі болды. Бл оқиғаға қатысты клубтың спорт директоры Игорь Кистер пікір білдірді. 

"Бастапқыда, 2016 жылы Аделейемен келісімшарт бұзылған соң, клуб еңбекақы бойынша қарызын берген жоқ, өтемақы төлемеді.

Футболшының клубтың бұрынғы басшылығына бірнеше рет өтініш айтқанымен, олар оны елемеген. Осыған байланысты Аделейе ФИФА-ға құжат өткізді. Ұйым санкциялары туралы хабарлама 2017 жылы наурызда келген, бірақ, жыл бойы ол қарастырылмаған. 

Нәтижесінде 2018 жылы шілдеде санкция туралы хабарлама келді. Қарашада футболшы алдындағы қарызды толық өтеуге 30 күн берілді. 

"Ақтөбе" ФК 2018 жылы қарашада басқа да футболшылар алдында қарызды жедел өтеу керек болғандықтан, олардан қосымша санкция келу қаупі болды, Айоделе Аделейе алдында қарыз толық өтелмеді. Осылайша, автоматты түрде 6 ұпай шегерілді. 

Аделейе алдындағы қарыз тек 2019 жылы қаңтарда толық жабылды.

Клуб ФИФА-ға ұпайларды қайтару туралы өтініш береді, өйткені, футболшы алдындағы қарыз толық өтелді", - деп келтрілген Игорь Кистердің сөзі "Ақтөбе" футбол клубының ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында. 

Жарнама

Живи спортом!