"Ақтөбе" еуропалық үш дүркін чемпионға көз тігіп отыр
Сербиялық "Чукарички" клубының 29 жастағы қорғаушысы Милош Остоич "Ақтөбе" сапына өтуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет Instagram желісінде хабарлады.
Сербиялық "Чукарички" клубының 29 жастағы қорғаушысы Милош Остоич "Ақтөбе" сапына өтуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет Instagram желісінде хабарлады.
Остойч ақтөбеліктердің бас бапкері Алексей Багаға жақсы таныс, футболшы мен маман 2017 жылы БАТЭ клубында болған. Беларуссиялық бапкер команданың қорғанысын күшейтпек, дегенмен, сербиялық футболшының ауысуымен қиындықтар туындауы мүмкін. Остойч құжаттармен қиындықтарға байланысты Қазақстанға келе алмай отыр.
Остоич - "Партизан" тәлімгері, осы командамен 2011/12, 2012/13, 2014/15 маусымдарында Сербия чемпионы болған. Сонымен қоса, отанында "Телеоптик" пен "Напредак" сапында ойнаған. Сербияның жастар құрамасында бір ойын өткізген.
Transfermarkt мәліметінше, Остойчтің трансферлік құны 500 мың еуро.
Жарнама