Футбол
18 шілде 12:25
 

"Ақтөбе" Еуропа лигасынан ұшып кеткен матчтен кейін жанжал туды

  Пікірлер

blog.share

"Ақтөбе" Еуропа лигасынан ұшып кеткен матчтен кейін жанжал туды ©Видеодан скрин

Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі "Ақтөбе" мен Польшаның "Легия" командалары арасындағы матчтан кейін қонақтардың шабуылшысы Жан-Пьер Нсаме жарақат алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі "Ақтөбе" мен Польшаның "Легия" командалары арасындағы матчтан кейін қонақтардың шабуылшысы Жан-Пьер Нсаме жарақат алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын аяқталған соң "Легия" футболшылары өз жанкүйерлеріне алғыс айту үшін трибунаға жақындаған кезде, Камеруннан келген шабуылшыға көрермендер арасынан белгісіз зат лақтырып, ол дәл Нсамеге тиген.

Салдарынан ойыншы газонға құлап түсті, кейінірек басына мұз басып, ойын алаңын кетті.

Еске салайық, "Легия" "Ақтөбені" 1:0 есебімен ұтып, қос матчтың қорытындысы бойынша (2:0) келесі кезеңге өтті.

"Ақтөбе" Еуропа Лигасынан шығып қалғанына қарамастан, еурокубоктардағы жолын жалғастырады. Команда Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнайды. Бірінші қарсылас Чехияның "Спарта" клубы болады. Алғашқы матч 24 шілде күні Ақтөбеде, ал қарымта кездесу 31 шілдеде Прагада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!