"Ақтөбе" екі ай өтпей жатып Вахид Масудовпен келісімшартты үзді
"Ақтөбе" 61 жастағы бапкер Вахид Масудовпен келісімшартты үзді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
"Ақтөбе" 61 жастағы бапкер Вахид Масудовпен келісімшартты үзді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Тараптар екіжақты келісіммен құжат күшін жойды. Масудовпен бірге оның көмекшісі Иван Азовский де қызметінен кетті.
"Қазіргі таңда клуб басшылығы жаңа бапкер іздестіріп жатыр және жақын арада үміткерлер бойынша бір шешімге келеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Масудов "Ақтөбені" маусым айында жаттықтыра бастады. Мамамнның жетекшілігімен ақтөбеліктер үш жеңіске жетіп, төрт рет ұтылды және бір ойында тең түсті.
Масудов пен Азовскийдің кету себебі айтылмады, дегенмен, "Тень отца Гурмана" телеграм-арнасы маман әкімдіктегі басшылардың бірімен жанжалдасып қалғанын хабарлап отыр.
19-тур қорытындысы бойынша "Ақтөбе" ҚПЛ кестесінде 23 ұпаймен оныншы келеді. Ал маусымды команда беларусь маманы Алексей Багамен бастаған, онымен келісімшарт мамырда үзілді.
Жарнама