"Ақтөбе" бірінші легионерді сапына қосты

Сурет: БАТЭ ФК

Беларусь чемпионатындағы нәтижелі легионерлердің бірі Боян Дубайич "Ақтөбемен" келісімшартқа отырды,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Сербиялық шабуылшыны ақтөбеліктердің қазіргі бапкері жақсы біледі. Алексей Багидің жетекшілігімен ол белоруссиялық БАТЭ командасындағы көшбасшылардың бірі болған.

Дубайич карьерасын сербиялық "Инджияда" бастаған. Кейін "Радничкиде" ойнады. Одан соң Швейцарияда "Лугано" мен "Ле Монт" сапында. 2017 жылы Боян Беларуссияға келіп, алдымен "Гордеяда" екі маусым өткізді. 45 матчте ол 22 гол салған. Бұл жетістік елеусіз қалмай, 2019 жылы БАТЭ құрамына қосылды. 

Жаңалықтар