"Ақтөбе" бас бапкермен қоса бас менеджермен қош айтысты

© mail.kz
Сербиялық Горан Велькович "Ақтөбе" футбол клубының бас менеджері қызметінен кетеді, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Клубтың басқарма төрағасы Артур Смағұлов шетелдік оқу-жиындарынан кейінгі нашар көрсеткіштерге байланысты Вельковичпен келісімшартқа қол қоймайтын болды. Сербиялық маман клубта желтоқсанның соңынан бері істеген.

"Маусымның ресми басталуына бір ай қалды, ал команда құрамы жасақталмады. Селекция жүргізілді. Қазіргі таңда команда ойыны бір қалыпты емес, лайықты даму жоқ. Мен жедел шаралар қолдандым", - дейді Артур Смағұлов. 

Бүгін, 17 ақпанада "Ақтөбе" бір ай бұрын ғана тағайындаған бапкерді жұмыстан босатқаны жайлы хабарлады. Бұған дейін 45 жастағы бапкер мәскеулік "Локомотивті" жаттықтырған.

Өткен маусымды "Ақтөбе" минус 12 ұпайдан бастап, ҚПЛ-ден шығып қалды және келесі маусымды бірінші лигада өткізеді.