Футбол
23 желтоқсан 2021 18:35

"Ақтөбе" Әзірбайжан құрамасының қақпашысын сатып алуға ниетті

©azerisport.com

"Карабах" және Әзірбайжан құрамасының қақпашысы Эмиль Балаев "Ақтөбенің" назарына ілікті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

27 жастағы Балаевқа ақтөбелік клубтан ұсыныс түсті. Қақпашының өзі де Қазақстан чемпионатына қайта оралуға дайын болған еді. Бірақ, "Ақтөбе" басқа үміткерлерді қарастыратын сияқты.

Мәселе мынада, Балаевты алмастыратын "Карабахтың" тағы бір қақпашысы Шахрудин Махаммадалиев иығынан алған жарақатына байланысты ұзақ уақыт алаңға шықпайды, ал әзірбайжандық клубтың басшылығы тәуекелге барып, тек жас қақпашылармен қалғысы келмейді. Сонымен қатар, ақпан айында "Карабах" Конференция лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді және оларға Балаевтың көмегі ауадай қажет болады.

Дегенмен, "Ақтөбе" жағдайдың қалай өрбитінін қадағалайтын болады. Клуб басшылығы басқа қақпашылармен де келіссөздер жүргізуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport