Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 13-турындағы ойындар аяқталады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қызылордада "Қайсар" мен "Ұлытау" клубтары кездеседі. Бұл ойын 17:00-де басталады. Тікелей эфирде KFF LEAGUE YouTube арнасы көрсетілім таратады.
13-турдың басты ойыны "Ақтөбе" мен "Астана" клубтары арасында өтеді. Матч 20:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді.
? 13-тур аясында бұған дейін өткен матчтар нәтижелері:
"Жеңіс" – "Атырау" — 2:0
"Қайрат" – "Қызылжар" — 1:0
"Елімай" – "Тұран" — 2:1
"Тобыл" – "Жетісу" — 2:1
"Оқжетпес" – "Ордабасы" — 0:1
Жарнама