"Ақтөбе" армениялық легионермен қош айтысты

Армен Манучарян. Сурет: ФК "Ақтөбе"©

"Ақтөбе" футбол клубы Армен Манучарянмен екі жақты келісім негізінде келісімшартты бұзды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.  

Армениялық легионер ақтөбеліктер қатарына 2021 жылдың қаңтарында қосылған болатын. Осыға дейін ол ел біріншілігінде 11 ойын өткізді. 

Манучарян "Ротор", "Пюник", "Бананц" сынды клубтардың да намысын қорғаған. Өз ұлттық құрамасы сапында 2017-2018 жылдары екі матчта өнер көрсеткен.

Айта кетейік, бұл "Ақтөбе" клубының жаңа жаттықтырушысы болып Вахид Масудов келгеннен кейінгі жасалып отырған алғашқы трансфер. 17 ойында 20 ұпай жинаған ақтөбеліктер қазір турнир кестесінде тоғызыншы орында. Келесі ойында команда сырт алаңда 27-маусым күні "Шахтерге" қарсы өткізеді. 

Метки:
Жаңалықтар