"Ақталуға қақымыз жоқ". Месси Аргентинаның әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

©instagram.com/leomessi

Футболдан Аргентинаның шабуылшысы Лионель Месси Қатардағы әлем чемпионатында Сауд Арабиясы құрамасынан жеңілістен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Ақталуға қақымыз жоқ. Біз бұдан көп жұмыс істеп, жағдайды реттеу керекпіз. Сауд Арабиясы - мықты құрама. Оны алаңда дәлелдеді. 

Мұндай жағдайға біраздан бері тап болмаған едік. Енді Аргентина құрамасы мықты ұжым екенін алдағы кездесулерде дәлелдеуі керек. 

Қателіктерімізді дұрыстап, мақсатымызға жету үшін бар күшті саламыз. Менің жағдайым жақсы. Бірақ нәтижеге көңілім толмайды", - деп келтіреді Мессидің сөзін "Чемпионат" порталы. 

Айта кетейік, бүгін Аргентина құрамасы алғашы кездесуін өткізіп, күтпеген жерден Сауд Арабиясынан 1:2 есебімен ұтылды. 

Айта кетейік, Аргентина құрамасы енді келесі кездесуін 26 қараша күні Мексикаға қарсы өткізеді. 

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар