"Ақсу" мен "Ордабасы" матчінде жеңімпаз анықталмады

©Ордабасы ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының 24-турында "Ақсу" мен "Ордабасы" тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Павлодардағы ойын 2:2 есебімен аяқталды. Тартысты ойында алаң иелері екі рет есепте алда болды. Алдымен Тони Сильва 10-минутта және Гафуржан Сүйімбаев 23-минутта ерекшеленді.

Алайда қонақтардан Дмитрий Бородин (20-минут) мен Александр Батищев (42&минут) шымкенттіктерге маңызды 1 ұпай сыйлауға күш салды. Тең нәтижеден кейін "Ордабасы" 36 ұпаймен 5, "Ақсу" 33 баллмен 6-орнын сақтап қалды.

Енді 29 қазанда "Ордабасы" өз алаңында "Ақтөбемен" кездессе, "Ақсу" сырт алаңда "Қайратқа" қонаққа барады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар