Футбол
5 мамыр 2022 18:57

"Ақсу" басшылары Айбол Әбікеннің допинг ісіне қатысты пікір білдірді

©ҚФФ

"Ақсу" командасының директоры Әлихан Лесов Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында команданың жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің допинг ісіне қатысты пікір білдірді. 

"Расталған ресми ештеңе жоқ. Бізге құжат келмеді. "Каспийге" қарсы кездесуге не үшін қатыспады? Оралда болған ойыннан кейін оның тізесінде жарақат болды. Айтпақшы, Михаил Бакаев та командада. Ол ешқайда кетпеді. "Ақжайыққа" қарсы кездесуде ол алаңға байланысты ойнамады. 

Әбікенге қатысты хаттар алдымен "Қайратқа" келіп түсу керек. Өйткені, футболшының құқығы сол командаға тиесілі. Ертең біз "Қайрат" және ҚФФ басшылармен осыған байланысты кездесеміз. ҚФФ тарапынан Айболға қатысты құлаққағыс болды. Дегенмен ресми әлі хат жоқ.

Допинг анықталса не болады? Клубтың футболшымен келісімшартты бұзуға құқығы бар. Алайда алда не боларын күтейік. Әбікен қазір Алматыға бара жатыр", - деді Лесов. 

Айта кетейік, СпортРадар.kz телеграм-арнасының ақпараты бойынша, Ұлттар лигасы Молдова мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесудің алдында алынған Әбікеннің сынамасынан рұқсат етілмеген дәрумен табылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport