"Ақсу" африкалық ойыншыны қатарға қосты

©"Ордабасы" ФК

Павлодар қаласының басты командасы саналатын "Ақсу" футбол клубы Май Махлангуды қатарға қосты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Оңтүстік африкалық жартылай қорғаушы осыған дейін "Ордабасы" сапында үш маусым доп тепті. Жалпы спорттық карьерасында Швецияда "Хельсинбург", "Хассельхолм", "Гетеборг" клубтарында ойнаса, Түркияда "Коньяспор", Бельгияда "Сент-Трейден", Румынияда "Динамо" және Болгарияда "Лудогорец" командаларының намысын қорғады.

Жартылай қорғаушы "Ақсу" сапында 99-шы нөмірмен ойнайды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport