"Ақша керек емес". Футболшы "Реалдағы" маскүнемдік туралы

©FootballHD

Бразилиялық қорғаушы Сисиньо "Реалда" өнер көрсеткен уақытында ішімдік ішкенін қалай жасырғанын айтты. Футболшының сөзін corrieredellosport.it беріп отыр.

41 жастағы футболшы бірнеше жыл Мадридтік командада ойнаған, дегенмен, карьерасының бұл кезеңін есінде жақсы сақтапты. 

"Реалда" мас күйде жаттығатынмын. Демімнен білінбес үшін кофе ішіп, әтір сеуіп алатынмын. Ал ішімдік үшін маған тіпті ақша да керек емес еді, мейрамханаларда адамдар маған оны қуана құйып беретін. Футболшы болғандықтан көпшілік танитын", - дейді Сисиньо EPTV арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport