Ақша жинап жатыр. "Барселона" Левандовскиге өтініш білдірді

© AFP

"Барселона" клубы "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовскиге бірнеше апта күте тұруын өтінді, деп хабарлайды A Bola. 

Клуб футболшының трансферіне ақша жинап алу үшін уақыт керегін хабарлаған. Каталондықтар "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мен "Севилья" қорғаушысы Жюль Кундеге де осындай өтініш айтқан. 

Мұның алдында Левандовски "Барселонамен" үш жылдық келісімшарты талқылап қойғаны белгілі болды. Алайда каталондық клубтағы қаржылай қиындық салдарынан футболшы ПСЖ сапына қосылуы мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар