АҚШ-тағы матч кезінде Мессиге шөлмек лақтырған

©instagram.com/intermiamicf/

МЛС матчі кезінде жанкүйерлер аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге шабуыл жасады, деп хабарлайды Daily Mail.

Оқиға футболшы өнер көрсетіп жүрген "Интер Майами" мен "Лос Анджелес" командалары арасындағы матчтен кейін болған. 

Месси оққағарымен бірге алаңнан шығып бара жатады. Осы кезде трибунадан оған біреу шөлмек лақтырған. Футболшы ұшып келе жатқан шөлмекті уақтыныда байқап қалып, одан жалтарып үлгерді. 

"Интер Майами" бұл матчті 3:1 есебімен ұтты. Аргентиналық ойыншы осы кездесуде екі ассист жасады. Ойын үстінде жанкүйерлердің бірі алаңға шығып кетіп, Мессиге ұмтылған, алайда оны оққағар ұстап үлгерді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport