Футбол
Бүгін 17:23

АҚШ-та Испания құрамасынан ӘЧ-2026-дағы жеңісінің ақысын талап етілді

©depositphotos.com/thenews2.com

Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін елеулі қаржылық мәселеге тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Fox News мәліметінше, АҚШ билігі испаниялық делегациядан ел аумағында түскен табыс үшін салық төлеуді талап етіп отыр.

Дереккөздің хабарлауынша, талап етіліп отырған сома – Испания құрамасының ӘЧ-2026-дағы жеңісі үшін алған жүлдеақысының шамамен 30 пайызы.

Әдетте ФИФА әлем чемпиондарын турнирді қабылдаушы елдегі салық төлеуден босатады. Алайда ақпаратқа сәйкес, америкалық заңгерлер бұл мәселеге өзгеше құқықтық түсіндірме берген. Олардың пайымынша, Испания құрамасы біртұтас команда ретінде емес, жеке тұлғалардың жиынтығы ретінде қарастырылуы тиіс. Осыған байланысты салық төлеу жөніндегі талап қойылған.

Журналистер бұл мәселеге қатысты АҚШ Конгресі өкілдерінен түсініктеме сұраған. Ондағылар Испания тарапы АҚШ-тың салық заңнамасының ерекшеліктерін алдын ала ескеруі керек болғанын мәлімдеген.

Еске салайық, ӘЧ-2026 финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.

Турнирдегі жеңісі үшін ФИФА Испания футбол федерациясына 51 миллион доллар көлемінде жүлдеақы төледі. Ал финалист атанған Аргентина құрамасы 34 миллион доллар иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport