АҚШ қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновтың командасына санкция енгізді
©ЦСКА ФК
АҚШ-тың қаржы министрлігі ЦСКА клубына қарсы санкция енгізді, деп хабарлайды "Чемпионат".
АҚШ-тың қаржы министрлігі ЦСКА клубына қарсы санкция енгізді, деп хабарлайды "Чемпионат".
Мәскеулік клуб мемлекеттік ВЭБ.РФ корпарациясының бақылауында екені айтылды, ал мұның алдында корпорацияның өзіне де санкция салынды. Бұл санкциялар ДНР мен ЛНР-ді мойындауға қатысты Ресей мен Украина арасындағы өршіп келе жатқан жанжалға байланысты болып отыр.
Мәскеулік команда сапында 2020 жылдан бері қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетіп келеді. Сонымен қоса, бапкерлік штабта да "Тобылдың" бұрынғы жаттықтырушысы Григорий Бабаян бар.
Жарнама