"Ақжайықтың" үздік сұрмергені "Шахтер" сапына қосылды

©"Шахтер" ФК

"Шахтёр" футбол клубы украиналық шабуылшы Николай Ковталюкпен келісімшартқа отырды.

Ковталюк қарағандылық клубқа оралдық "Ақжайықтан" келіп қосылды. 26 жасар ойыншының кәсіби мансабындағы алғашқы клубы "Полтава" болған. Оған қоса, Украинаның "Колос", "Карпаты", "Ильичевец", "Арсенал", Грузияның "Динамо", "Дила", "Колхети" және Кореяның "Аньянг" клубтарында доп тепкен.

Өткен маусымда Ковталюк Премьер-лигада "Ақжайық" үшін 24 матч өткізіп, алты гол соқты және клубтың үздік сұрмергені атанды. Сондай-ақ, Қазақстан кубогінде төрт кездесуге қатысып, бір гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар