"Ақжайықтың" украиналық шабуылшысы "Шахтер" сапына ауысты
2021 жылы "Ақжайық" сапында үздік шабуылшы атанған Николай Ковталюк кәсіпқой карьреасын Қарағандының "Шахтерінде" жалғастырады, деп жазады Грузияның lelo.ge сайты.
2021 жылы "Ақжайық" сапында үздік шабуылшы атанған Николай Ковталюк кәсіпқой карьреасын Қарағандының "Шахтерінде" жалғастырады, деп жазады Грузияның lelo.ge сайты.
Басылымның мәлімдеуінше шабуылшы кезінде өзі ойнаған Гори қаласындағы "Дила" командасына келген. Көпшілік украиналықтың енді "Дила" клубында доп тебеді деп топшылаған. Алайда Ковталюк Грузияға бұрынғы достарына қонаққа келген екен.
Кейін белгілі болғандай форвард карьреасын кеншілер сапында жалғастырады.
Еске салайық, 26 жастағы шабуылшы өткен маусымда "Ақжайықта" 24 матчта алты гол салды. Осылайша ол өз командасының сапындағы үздік сұрмерген атанды.
Жарнама