Манарбек Ержанов "Ақжайық" футбол клубына директор етіп тағайындалды. Бұл туралы оралдық команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ал оның орынбасары Самат Аманшин болды.
Айта кетейік, 2022 жылғы ҚПЛ-ді "Ақжайық" ең соңғы - 14-орында аяқтап, бірінші лигаға түсіп қалды.
Ал клубтың алдағы жоспарында жоғары дивизионға оралу міндеті жоқ.
12 қаңтарда команда жаңа маусым алдында жаттығу жиынын бастады.