26 жастағы литвалық жартылай қорғаушы Симонас Урбис "Ақжайықтан" кетіп, "Судува" клубына ауысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Еске салайық, Урбис 25 қаңтарда "Ақжайықпен" келісімшартқа отырған болатын. Бірақ оралдық клубта бір айдан көп тұрақтамады.
Айта кетерлігі, литвалық футболшы бұған дейін тек өз елінде доп тепкен.
"Қазақстанда мен басқа нәрсені күттім. Жанұямда кішкентай баламыз бар, әйеліммен кеңесіп, Литвада жақсырақ болады деп шештік", - деді Симонас Урбис.