Қазақстан чемпионатының кейінге қалдырылған екінші турында "Ақжайық" пен "Тұран" кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Оралдағы ойын 1:1 есебімен аяқталды. Матчтың 21-минутында қонақтар сапында Андрей Залесский автогол авторы атанып, "Ақжайық" алға шықты. Кездесудің 29-минутында "Тұран" ойыншысы Самир Фазли таразы басын теңестіріп кетті.
69-минутта түркістандықтар сапында Михаил Башилов алаңнан қуылғанымен, таблодағы есеп өзгермеді.