"Ақжайық" пен "Қайсар" командалары Қазақстан чемпионатының 22 турында тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кездесу бүгін, 27 қыркүйек күні Орал қаласында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Матчтағы есепті алаң қожайындары ашты. 65-минутта Евгений Козлов көзге түсті. Қызылордалық команда есепті 76-минутта теңестірді. Гол авторы - Каролис Лаукжемис.
Бұл ойыннан кейін "Ақжайық" турнир кестесінде алтыншы орында қалды. Оралдық команданың еншісінде 30 ұпай бар. Ал 16 балл жинаған "Қайсар" 13-сатыға жайғасқан.