Футбол
4 шілде 2022 15:37

"Ақжайық" клубына жаңа директор келді

© "Ақжайық" ФК

Айдос Бәйтенов "Ақжайық" клубының директоры болып бекітілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

34 жастағы Бәйтенов кезінде жартылай қорғаушы ретінде ойнаған. 2005-2010 жылдар аралығында "Қайсардың" намысын қорғап, онымен екі рет Бірінші лига чемпионы атанды. Оның мансабындағы екінші және соңғы клубы ақтаулық "Каспий" болды.

Айдос премьер-лигада 70-тен астам, бірінші лигада 60 шақты ойын өткізген. Сонымен қатар, 17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамаларында өнер көрсеткен.

Спорттық мансабын аяқтаған соң Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (2013-2019) және "Қайсар" құрылымында (2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін) қызмет атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше уақыт бұрын клубтың бұрынғы директоры Азамат Шайхы өз еркімен жұмыстан кеткен еді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport