"Ақжайық" қақпашысы "Атырауға" ауысты

©

26 жастағы қақпашы Илья Караваев "Атырауға" ауысты, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Алматы футболының түлегі Илья Караваев бұған дейін "Қайрат" пен ЦСКА-ның жастар командасында ойнаған. "Алтайға" ауысқанымен, бірде-бір кездесу өткізбеді. 2018 жылы оралдық "Ақжайыққа" қосылды. Ол былтыр 26 жасында Премьер-лигадағы дебютін жасады. Ол 6 матч өткізіп, 6 гол жіберіп алды.

Бұған дейін "Атырау" тәжірибелі қақпашы Владимир Логиновскиймен қоштасқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар