"Ақжайық" футбол клубының директоры қызметінен кетті

© "Ақжайық" ФК

Оралдық "Ақжайық" клубының директоры Азамат Шайхы қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ресми ақпаратқа сенсек, маман жұмыстан өз еркімен шыққан. Ол клубты 2018 жылы тізгіндеген еді.

Азамат Шайхымен бірге клубтан бас бапкер Владимир Мазяр да кетеді деп күтілуде. "Ақжайық" соңғы жеті ойында небәрі екі ұпай иеленді. 13 матчта 12 ұпай жинаған оралдық клуб турнирлік кестеде он үшінші орынға табан тіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport