"Ақжайық" ФК екі футболшымен келісімшарт жасасқаны туралы жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz. 2021 маусымнан бастап командада Еркін Тапалов пен Мейрам Спанов өнер көрсететін болады.
"Шахтердің" бұрынғы қорғаушысы Тапалов оралдық клубта 2011 және 2018 жылдар аралығы ойнаған. Кеншілер сапында ол 14 кездесуге қатысып, бір гол салды.
Ал "Жетісудың" экс-қорғаушысы Спанов командада 2004, 2006, 2007, 2009, 2013 және 2018 жылдары өнер көрсеткен. Өткен маусымда талдықорғандықтар сапында ол 12 матч ойнады.
Еске салайық, өткен маусым қорытындысы бойынша "Ақжайық" бірінші лигадан ҚПЛ-ге оралды.