"Акинфеев бәрімізді тәжіктер дейді". Қазақстандық футболшы ЦСКА-дағы бейімделу туралы

Сурет: premierliga.ru©

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА клубындағы бейімделу және команда капитаны Игорь Акинфеевпен қарым-қатынас туралы айтып берді, деп хабарлайды "Чемпионат". Футболшы мән-жайды клубтың "ВКонтакте" желісіндегі ресми сайтындағы эфир кезінде айтты. 

"Бейімделіп алдым, жігіттердің бәрі жылы қарсы алды. Біз, орыс емес жігіттер, командада көппіз. Игорь аға (Акинфеев. - ред. ескермесі)  бәрімізді тәжік, орыс еместер деп атайды", - дейді Бахтиер. 

"Неге өтірікті соғып отырсын! Сені мүлде бірінші рет көріп отырмын", - деп әзілдеді Акинфеев.

"Баха, бәріміз КСРО-да дүниеге келгенбіз", - деп атап өтті ЦСКА бапкері Алексей Березуцкий.

Еске салайық, РПЛ-дің жаңа маусымы 23 шілдеде басталады, ал ЦСКА бірінші турдың өз алаңындағы ойынын 25 шілде "Уфаға" қарсы өткізеді.