"Акинфеев бәрімізді тәжіктер дейді". Қазақстандық футболшы ЦСКА-дағы бейімделу туралы
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА клубындағы бейімделу және команда капитаны Игорь Акинфеевпен қарым-қатынас туралы айтып берді, деп хабарлайды "Чемпионат". Футболшы мән-жайды клубтың "ВКонтакте" желісіндегі ресми сайтындағы эфир кезінде айтты.

"Бейімделіп алдым, жігіттердің бәрі жылы қарсы алды. Біз, орыс емес жігіттер, командада көппіз. Игорь аға (Акинфеев. - ред. ескермесі) бәрімізді тәжік, орыс еместер деп атайды", - дейді Бахтиер.
"Неге өтірікті соғып отырсын! Сені мүлде бірінші рет көріп отырмын", - деп әзілдеді Акинфеев.
"Баха, бәріміз КСРО-да дүниеге келгенбіз", - деп атап өтті ЦСКА бапкері Алексей Березуцкий.
Еске салайық, РПЛ-дің жаңа маусымы 23 шілдеде басталады, ал ЦСКА бірінші турдың өз алаңындағы ойынын 25 шілде "Уфаға" қарсы өткізеді.
Жарнама