Ағылшындық команда Холандты "Барселона" мен "Реалдан" алып кетпек

©Reuters

"Манчестер Сити" дортмундтық "Боруссия" командасының шабуылшысы Эрдинг Холандты әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы етуге дайын, деп жазады Daily Mail басылымы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, ағылшындық команда шабуылшыға аптасына 500 мың фунт бере алады. Қазіргі уақытта Ағылшын Премьер-лигасында ең көп жалақы алатын футболшылар - "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду мен "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Кевин де Брюейне. Олар аптасына 385 мың фунт стерлинг алады. 

"Боруссия" шабуылшысы болса болашағына байланысты нақты шешімді бір айдың ішінде қабылдайды деп жазады басылым. 

Айта кетейік, Холанд дортмундық клуб сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетеді. Биыл ол 21 ойынға қатысып, 23 гол соққан. 2020/21 маусымда Ходан "Боруссиямен" бірге Германия кубогінің иегері атанды. Ал оған дейін шабуылшы аустриялық "Зальцбург" командасының намысын қорғаған. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Холандқа "Манчестер Ситиден" бөлек испаниялық "Реал" мен "Барселона" командалары да қызығушылық білдіруде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport