Футбол
31 қазан 11:33

Ағылшындық клуб Винисисусты 200 млн еуроға сатып алғысы келеді

©Depositphotos/Musiu0

Бірқатар еуропалық клубтар "Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниордың айналасындағы жағдайға қызығушылық таныта бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық футболшы кейінгі уақытта бірқатар даулы оқиғалардан кейін, соның ішінде "Эль-Классикодағы" ауыстырылу сәтінен соң, ерекше назарға ілікті.

"Реалдағы" жағдайы қиындай түсті

Команда бас бапкері Хаби Алонсо мен Винисиус арасындағы қарым-қатынас суып кеткен. Ал келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздер уақытша тоқтатылған.

Флорентино Перес футболшыны жаңа келісімге қол қоюға көндіруге тырысуда, бірақ қазіргі келісімшарт 2027 жылы аяқталады. Егер тараптар келісімге келмесе, келесі жазда мадридтік клуб бразилиялық жұлдызды сатып, табыс табуға мәжбүр болуы мүмкін. Оның орнына "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Эрлинг Холандтың кандидатурасы қарастырылып жатыр.

Винисиусқа қызығып отырған клубтар

Футболшыға бұған дейін "Пари Сен-Жермен" мен бірнеше саудиялық клубтар қызығушылық білдірген еді. Енді оларға "Манчестер Юнайтед" те қосылды. Ағылшын клубы Винисиусты шабуылдағы басты мәселені шешетін ойыншы ретінде көріп, рекордтық ұсыныс жасауға дайын.

Мүмкін рекордтық трансфер

Ағылшын БАҚ-ның мәліметінше, "Манчестер Юнайтед" Винисиустың трансфері үшін 200 миллион еуроға дейін ұсынуға әзір. Бұл ағылшын премьер-лигасы тарихындағы ең қымбат ауысу болуы мүмкін. Егер футболшы жаңа келісімшартқа қол қоюдан бас тартса және жанжалдар жалғаса берсе, "Реалға" мұндай ұсынысты қабылдамау қиын болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport