Шабуылшы Лионель Месси мансабын Англия біріншілігінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды "Матч ТВ" Daily Express-ке сілтеме жасай отырып.
Дереккөздің ақпаратына сенсек, 34 жастағы аргентиналыққа "Тоттенхэм" ұсыныс жасаған көрінеді. Клуб басшылығы Харри Кейннің ауысуына көндігіп, жаңа маусым трансферлеріне қомақты қаражат бөлген. Лондондықтар Месси үшін 100 миллион фунт стерлинг төлеуді жоспарлап отыр.
Мессиді қарамағына алғысы келетін тағы бір клуб ПСЖ, шабуылшының әкесі мен агентіне ресми келісімшартты жіберіп қойды.
Аргентиналық футболшының "Барселонамен" келісімшарты 30 маусым күні аяқталды. 5 тамыз күні каталониялық клуб ресми баспасөз мәслихатында Месси келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеді.
Өткен маусымда Месси 47 ойын өткізіп, 38 гол және 14 сәтті пас авторы атанды.