Агуэро "Барселона" мен "Манчестер Сити" арасындағы айырмашылықты айтып берді

©ФК Барселона

"Барселона" шабуылшысы Серхио Агуэро каталондық клуб пен "Манчестер Сити" арасындағы айырмашылықты айтып берді деп жазады Vesti.kz тілшісі Sport.es сайтына сілтеме жасап.

"Біз "Ман Ситиде" жаттығу алдында кем дегенде бір жарым сағат бұрын келетінбіз. Бұл жақта да сол әдетіммен бір сағат бұрын келіп, негізгі жаттығуға дейін фитнес залында дене қыздырамын дегем. Алайда бәрі жабық екен. Тіпті жарық сөндірулі болды", - дейді "қалалықтар" тарихындағы ең үздік сұрмерген.

Еске салайық, 2020/21 жылғы маусым аяқталысымен ол Тұманды Альбионнан кеткен болатын. Өткен маусымда ол ағылшын алаңдарында 21 матчта алты гол соғып, бір рет нәтижелі пас берді. Агуэро 2011 жылы Мадридтің "Атлетикосынан" 40 ммиллион еуроға "Манчестер Ситиге" ауысты. Ол 184 гол соғып Уэйн Рунидің тіркеген рекордын жаңартты.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар