Қазіргі таңда "Ювентус" футболшылары жаттығуларын бастап кеткен, ал Рабьонің Франциядан кетпек ойы жоқ. Ол тіпті "Ювентус" басшылығының қоңырауына жауап та бермеген көрінеді.
"Ювентусте" Рабьоның мұндай қылығы ашу тудырып отыр. Клуб басшылығы ойыншы агент әрі анасы Вероника Рабьоның айтқанына еріп отыр деп пайымдауда. Футболшының анасы оның АПЛ-де ойнағанын қалайды екен.
"Ювентус" ойыншыларынан Рабьо мен Гонсало Игуаин ғана Италияға оралмаған. Алайда аргентиналықтың бұған клубтан рұқсаты бар. Айта кетейік, Рабьо "Ювентусте" жылына сегіз миллион еуродай еңбекақы алады.