Агент туыстарын жұмыстан қуды. Англия құрамасының ойыншысы команда таппай жүр
Англия және "Манчестер Юнайтед" командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Джесси Лингард ойнайтын команда таппай жүр. Ол жақында ғана өзінің барлық агентін қызметінен босатты. Тіпті олардың кейбірі туысы да болған.

31 жастағы футболшы соңғы рет "Ноттингем Форест" командасы сапында ойнады. Жаздағы трансфер кезінде келісімшарты аяқталып, командасыз қалды. Одан бері өзіне ыңғайлы команда таппай келеді. Спорттағы бабын сақтау үшін Сауд Арабиясының "Әл-Иттифак" командасы сапында жаттығып жүр.
Джесси Лингард жақында "Барселона" командасына өзін өзі ұсынған. Алайда каталондық клуб бұл ұсынысты дереу қабыл алмауы мүмкін. Себебі командада қаржылық жағдай қиындығы мен ойыншылар сатып алу шектелімі бар. Каталондық клуб еркін агент ретінде ойыншыны кейін де қатарына қоса алады. Сол үшін қысқы трансфер кезінде басқа ойыншы қарастырулары бек мүмкін.
Футболшының Transfermarkt интернет порталындағы трансферлік құны 6 миллион еуроны құрайды.
Жарнама