"Агент мені жынды деді". Ганалық футболшы неге "Астана" мен "Қайраттың" ұсынысынан бас тартқанын айтты

©"Рубин" ФК

Ганалық шабуылшы Джоэль Фамейе не үшін қазақстандық мықты клубтардың ұсынысынан бас тартқанын айтты. РИА Новостиге берген сұқбатында ол "Астана" сапында Еуропа лигасында ойнайтын мүмкіндігі болғанын мәлімдеді. 

"Беларусь елінде мен Ресей біріншілігін көп қарадым. Маған ұнады. "Қайрат" пен "Астана" командасынан ұсыныс болды. Астаналық командамен "Манчестер Юнайтедке" қарсы Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндігім болды. Ал мен агентіме Ресейде ойнағым келеді дегенде, ол маған жындысың деді. Себебі Қазақстанда мен "МЮ" командасына қарсы ойнайтын мүмкіндігім болды. Бірақ маған ондай мүмкіндік Ресейде де бұйырар деп шештім. Сосын "Оренбургқа" ауыстым. Ол командада бірнеше жыл ойнадым", - деді шабуылшы. 

Айта кетейік, Фамейе қазір қазандық "Рубин" командасында өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport